18:24, 27 Мамыр 2010 | GMT +5
Бас прокуратура «Абай» шахтасында орын алған жарылыстан қаза тапқан шахтердің жесірінің құқығын қорғады
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Бас прокуратурасы Қарағанды облыстық сотының шешіміне қадағалау наразылығын білдіру арқылы «Абай» шахтасында орын алған жарылыстан қаза тапқан Омаровтің жесірінің құқығын қорғады.
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәлет Сүйіндіков БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.
Оның айтуынша, бірінші және апелляциялық сатыдағы сот арызданушы Жақсылықованың қайтыс болған күйеуінің асырауында болды деген маңызды фактіні анықтау туралы арызы негізсіз қанағаттандырылмағаны анықталған. Бұл фактіні анықтау кейбір әлеуметтік төлемдерді алу үшін қажет болған.
«Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы соттың қадағалау алқасы төменгі сот шешімінің күшін жойып, А.Жақсылықованың арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарды», деді ол.