Бас Прокуратура ақбөкен мүйізін сатып алу туралы хабарландырулар бойынша тергеуге дейінгі тексерулерді жүргізуге бастама жасады
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - «Ақбөкендер санының азаюына, сондай-ақ көптеген мүйіздері кесілген ұшаларды табу фактілерінің анықталуына байланысты Бас Прокуратура ақбөкен мүйізін сатып алу туралы
хабарландырулар бойынша тергеуге дейінгі тексерулерді жүргізуге бастама жасады»,-деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ішкі істер органдарының тексерулері барысында ақбөкен мүйіздерінің қайдан және қалай алынғаны анықталады және қылмыстық жазалау белгілері болған жағдайда кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар сондай-ақ тәжірибелік қызметке жасалған талдау сараптама қызметіндегі кейбір кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді. Жекелеген өңірлерде сарапшылардың болмауы салдарынан жекелеген экологиялық сараптамалар жүргізілмейді, сол себепті дәлелдемелерді дер кезінде анықтау және жинау қиындық тудырады. Осыған орай Әділет министрлігіне сараптама қызметін жетілдіру туралы ұсыныс енгізілді. Аумақтық прокурорларға қадағалауды күшейтіп, экологиялық қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеуге дейінгі тексеру мен тергеудің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.