Бас прокуратура алиментшілерге қарсы «30 қадаммен» күреспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратура алименттер бойынша жағдайды өзгерте алатын 30 шара әзірледі.

Бас прокуратура алиментшілерге қарсы «30 қадаммен» күреспек

Бұл туралы бүгін Алименттерді өндіріп алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов мәлім етті.

Жақып Асанов 3 жылдың ішінде алимент бойынша 13 мыңнан астам борышкерге елден шығуға, көлік басқаруға тыйым салынғанын атап өтті.

«Осыған орай, Бас прокуратурада сараптама тобы құрылды, ол  алимент төлемеудің себептерін анықтады және «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын әзірледі», - деді Ж.Асанов.

Бас прокурор жұртшылықты жобаның іске асырылуына қолдау көрсетуге және белсенділік танытуға шақырды.

Айта кетейік, бұның алдында хабарлағанымыздай, Қазақстанда алименттер бойынша қарыз 2 млрд. теңгеге жуықтаған. Бүгінде елімізде 350 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж.