Бас прокуратура Алматыдағы қаңтар оқиғасына белсене қатысқандар жайлы айтты

«Алматы қаласында 25 наурызда Ш. есімді азамат қамауға алынды. Ол қайғылы қаңтар кезінде «Анна» қару-жарақ дүкенінен винтовканы жымқырып, әуежайға полиция департаментіне және Алматы қаласы, Алмалы ауданының полиция басқармасына шабуыл жасады. Құқық қорғау органдары Н. есімді азаматты анықтады. Ол ағымдағы жылдың 5 қаңтарында бір топ адаммен бірге «Қазаэронавигация» ғимаратын басып алды және Алматы қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жарығын өшірді», - деді Бас прокуратура өкілі.
Оның айтуынша, Алматы қаласы әкімдігінің алдындағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен Алматы облысының тұрғындары да ұсталған.
«Арнайы прокурарлар ағымдағы жылы 4 сәуірінде Алматы қаласы әкімдігінің алдында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін Алматы облысының 10 тұрғынын ұстады», - деді Елдос Қилымжанов.
Шара барысында ол жаппай тәртіпсіздікке 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқанын мәлім етті.