19:02, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Бас прокуратура автобус жүргізушілерін қайта аттестациялаудан өткізуді ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуратусындағы алқа мәжілісінде автобус жүргізушілерін қайта аттестациялаудан өткізу ұсынылды.

«Жүргізушілерді автобусты басқаруға жіберудің тәртібін қайта қарастыру қажеттігі туындап отыр. Осы орайда оларға қосымша біліктілік талабын бекіту ұсынылады. Бірінші кезекте жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ескерілуі қажет. Аталған талаптар негізінде олардың жаңа ережемен жұмыс істеуге даярлығын бағалау тұрғысында жалпыға бірдей қайта аттестациялау жүргізу ұсынылады», - деді ҚР Бас прокуратурасының департамент басшысы Қанат Сейдғапбаров.
Сонымен қатар ол елімізде кәсібіне жауапкершілікпен қарайтын әрі білікті жүргізушілердің пулын құру қажеттігін атап өтті.