Бас прокуратура бұрынғы әкім Бергей Рысқалиевті экстрадициялауға қатысты түсінік берді

АСТАНА. KAZINFORM – Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев істі болған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке жаза қолдану мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Әсека
Фото: Kazinform

Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер Бас прокуратура өкілінен істі бұрынғы облыс әкімі Б. Рысқалиевтің Лондонда неліктерн емін-еркін жүргенін сұрады.

«Оған қатысты сырттай шығарылған үкім бар. Бірақ, бізде Англиямен арада экстрадиция туралы келісімдер жоқ. Тиісті келісімдер болмаса, біздің құқық қорғау органдары ештеңе істей алмайды», - деп түсіндірді Әсет Шындалиев.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен Президент әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусиннің Лондондағы Burberry киім дүкенінің алдында суретке түскенін жазған болатын.