Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты тергеуді бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылғы 20 ақпанда М. К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды»,-делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.