Бас прокуратура экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын іске асыру шеңберінде Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.

Бас прокуратура экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Заң жобасы экстремизм мен терроризм қауіптерін бейтараптандыру бойынша құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2013 жылғы 2 тамызда бұл Заң жобасының Тұжырымдамасын мақұлдады.
Заң жобасының мәтіні Бас прокуратураның ведомстволық Интернет-ресурсында (www.prokuror.gov.kz) орналастырылды, онда кез келген мүдделі тұлғалар өздерінің ұсыныстарын қалдыра алады.