17:13, 26 Қараша 2009 | GMT +5
Бас прокуратура Елбасына тікелей желі арқылы жолданған мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде - апталық брифинг
АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас прокуратура Елбасына тікелей желі арқылы жолданған мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Президенттің атына прокуратура органдарының құзырына қатысты үш жарым мыңнан астам сауал жолданған. «Тұрғындардың көбі сот актілерімен және қылмыстық іздестіру органдарының шешімдерімен келіспейді. Сондай-ақ тағы бірқадау мәселелер әлеуметтік сала мен кәсіпкерік саласындағы құқықтардың бұзылуымен байланысты. Қазіргі таңда олардың басым бөлігі тиісті шешімін тапты және бұл шешімдер жөніндегі мәліметтер Елбасымен тікелей байланыстағы желіде орналастырылған. Ал бұл жұмыстардың қорытындылары Президент Әкімшілігіне жолдады», деді ресми өкіл.