Бас прокуратура елімізде заң бұзған шетелдіктерді электронды түрде бақылау тетігін енгізуді ұсынып отыр
ТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас прокуратура заң бұзғаны үшін еліміздің аумағынан аластату жөнінде сот шешімі шыққан шетелдіктерді электронды түрде бақылау тетігін енгізуді ұсынып отыр.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өміралиев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, елдегі көші-қон қызметінің тиімділігін арттыру және Қазақстан аумағынан шығару жөнінде сот шешімі шыққан шетелдіктерге бақылауды күшейту үшін арнайы білезіктер арқылы электронды бақылау жүйесін енгізу ұсынылып отыр. Ол жүйе бойынша еліміздің аумағынан шығарылған шетелдіктер білезіктерін шешіп тастап кетуілері тиіс. Бұл олардың республика аумағынан шыққандығын білдіретін болады. «Аталмыш шара заң бұзған шетелдікті еліміздің аумағынан шығару шарасының талапқа сай орындауға ықпал етіп, шеттетілген азаматтың еліміздің аумағына 5 жылға дейін кіруіне тыйым салады»,-деді ресми өкіл.