Бас прокуратура ІІМ-інің, облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлардың аттарына Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа талаптары түсіндірілген хат жолдады

ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциядағы 177-бабына сәйкес хабар-ошарсыз жоғалған адамның тұрған орнының анықталмауы міндетті түрде қылмыстық іс қозғау үшін негіздердің бірі болып табылады.
None
None

Қабылданған заңнамалық шаралар хабар-ошарсыз жоғалған адамның тұрған орны алғашқы екі ай ішінде анықталмауы туралы барлық арыздар бойынша қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің бабы көрсетілместен ҚІЖК 177-бабына сілтеме жасау қылмыстық іс қозғау туралы қаулыдағы осы новелланың айырықша ерекшелігі болып табылады. Іс жүргізудегі өзгерістердің қажеттігі хабар-ошарсыз жоғалған адамды іздестірудің қолданыстағы тәртібінің тиімсіздігінен туындап отыр. Іс жүзінде қылмыстық істер олардың қылмыстық жағдайда жоғалудың айқын белгілері болған кезде ғана қозғалады. Бұл ретте, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасыру жағдайлары жиі кездеседі. Қазіргі таңда еліміз бойынша біздің бір жарым мың азаматымыздың тағдыры анықталмаған күйде қалып отыр. Олардың көпшілігіне ұзақ уақыттаен бері іздеу салынуда, олардың қылмыс құрбаны болуы да мүмкін.

Осыған ұқсас іздестіру Беларусь Республикасында да жүзеге асырылады. Осы елдің практикалық тәжірибесі хабар-ошарсыз жоғалудың мән-жайлары іс жүргізу жолымен жылдам ашылатынын көрсетті, өйткені, ҚІЖК көзделген тергеу амалдарының (жауап алу, беттестіру, тінту және т.б.) барлық спектрі пайдаланылады.

Адамдардың жоғалуының мән-жайларын қылмыстық істер қозғау және оларды тергеу арқылы анықтау ішкі істер органдары жұмыстарының тиімділігін елеулі түрде арттыратын қосымша құралға айналды. Осы санаттағы қылмыстық істерді қозғаудың іс жүргізу тәртібін біркелкі қолдану мақсатында Бас прокуратура Ішкі істер министрінің, облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлардың аттарына Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа талаптары тиісінше түсіндірілген хат жолдады. Тұтастай алғанда, осы ұсыныстар жедел және тергеу бөлімшелерін қосу жөнінде өткізіліп отырған реформа сай келеді және ол құқықтық базаны жетілдіру, оны халықаралық стандарттарға жақындату қажеттігімен шартталған.

Соңғы жаңалықтар