Бас прокуратура институтында АҚШ-тың Әділет департаментінің өкілі дәріс оқыды
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратура институтында АҚШ Әділет министрлігінің өкілі Дениал Хамбелдің дәрісі өтті,
деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Шараға Қазақстанның мемлекеттік және құқық қорғаушы органдарының өкілдері, АҚШ елшілігінің және ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері қатысты.
Институттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, «дәріске қатысушылар айыпталушының өз кінәсін мойындауы бойынша келіссөздер жүргізу әдісін қолданудың тәжірибелерімен бөлісті».
Өз сөзінде Институттың директоры Сарқытбек Молдабаев еліміздің осы саладағы саясатын әрі қарай дамыту үшін талқыланып отырған тақырыптың маңызы зор екенін атап көрсетті.