Бас Прокуратура «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясын тексеріп жатыр ? Бас прокуратураның ресми өкілі

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас Прокуратура «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясына тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы бүгін аталмыш органның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов журналистермен болған брифингте мәлім етті,

 Бас Прокуратура «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясын тексеріп жатыр ? Бас прокуратураның ресми өкілі
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, тексеру шаралары жақын күндерде аяқталуы тиіс. «Қазір біздің қолымызда бұл мәселеге байланысты бірқатар деректер бар. Алайда мен оларды жария ете алмаймын. Меніңше, сіздер осыған байланысты қажетті ақпараттарды таяу күндері алатын боласыздар. Мұхтар Жәкішев ұлттық компанияда болып жатқан мәселелерден жан-жақты хабардар. Сондықтан оның жеке басына қатысты қандай да бір проблемалар туындайды деу қисынсыз», - деді ресми өкіл. Естеріңізге сала кетейік, жақын күндерде ақпарат құралдарында Парламенттің бұрынғы депутаты Татьяна Квятковская баспасөз өкілдерімен арнайы мәслихат ұйымдастырып, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының президенті Мұхтар Жәкішев «БТА банкінің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовпен бірлесіп, елдегі бірқатар уран кеніштерін болмашы бағаға сатып жіберді» деп айыптаған болатын.