Бас прокуратура мен Мәжіліс арасындағы бүгінгі байланыс мығым ? Мәжіліс депутаты

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитеті Бас прокуратурамен тығыз байланыста жұмыс істеп отыр.
None
None
Комитет қазір тіпті жұмыс әдісін бұлайша қалыптастыруға мүдделі деп те айтуға болады. Өйткені Мәжілістен өткен заңдардың тәжірибе жүзінде қалай қолданылуда, оның қандай нормалары жұмыс істемей отырғандығы, ал қандай нормаларының тиімді болғандығы жөнінде нақты мәліметтер алуға болатын орган осы прокуратура», - деді бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев. Бұл туралы ол бүгін Бас прокурор Қайрат Мәмимен болған кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Комитет төрағасының айтуынша, қазіргі таңда Парламент қарауында жатқан Бас прокуратура қызметіне қатысты тиісті заңдарға енгізілуі тиіс өзгерістер мен толықтырулар прокуратураның құзыры мен мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге бағытталған. «Меніңше бұл тек осы бағыттағы жұмыстардың басы ғана. Алдағы уақытта ол жалғасын табады деген ойдамын», - деді халық қалаулысы. Депутат пікірінше, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетіне өткен жылдың қыркүйек айы мен биылғы жылдың мамыр айы аралығында 34 заң жобасы келіп түскен. Олардың барлығы да еліміздің азаматтарының түрлі сала бойынша құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. «Мен бүгінде комитет өкілдері Мемлекет басшысы қол қойған соттар мен олардың мәртебесіне қатысты, Жоғарғы сот кеңесі жөніндегі, Қазақстан халқы ассамблеясы туралы бірқатар құжаттарды дайындау бойынша елеулі шаралар атқарды деген ойдамын», - деді Рахмет Мұқашев.
Соңғы жаңалықтар