Бас прокуратура мүгедек балаларды ұрып-соғу оқиғаларын растады

Оның хабарлауынша, қазіргі кезде мүгедектер мен қарттар үйіне түсетін азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы жағдай сын көтермейді. «Прокурорлар қарттар мен мүгедектердің құқықтарын өрескел бұзудың фактілерін анықтады. Әлеуметтік қызметкерлер көмек берудің орнына адамгершілікке мүлдем жатпайтын әрекеттерге барған. Тексерістер кезінде бюджет қаражатын ұрлау мен тиімсіз пайдалану, тұрғын үй, еңбек пен медициналық көмеккке деген құқықтарды сақтамау, азаматтарды оңалту бағдарламаларының жоқтығы мен дер кезінде орындалмауы, мүгедектерге дұрыс қарамау, тіпті қол жұмсау оқиғалары анықталды. Маңғыстау облыстық психоневрологиялық интернатында мүгедек балаларды ұрып-соғу әрекеттері соның бір көрінісі болса керек. Оны бейнебақылау камералары түсіріп алды», - деп атап көрсетті А. Дауылбаев.