Бас прокуратура Наурыз мейрамын атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

Бас прокуратура Наурыз мейрамын атап өтті

Ұжымды мейраммен құттықтаған Бас прокурор Наурыздың қоғамды біріктірудегі, ұлтаралық келісімді нығайтудағы, ұлттық дәстүрді жаңғыртудағы, жастарды патриоттық рухта және елдің тарихын сыйлауға тәрбиелеудегі рөлі мен маңызын атап көрсетті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратарасының баспасөз қызметі хабарлады.

Асхат Дауылбаев қызметкерлерге кәсіби жетістіктер, денсаулық және бақ-береке тіледі.

null