Бас прокуратура шағын және орта бизнес субьектілерін тексеруді реттейтін заң жобасын әзірлеп жатыр - В. Школьник

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бас прокуратура шағын және орта бизнес субьектілерін тексеруді реттейтін заң жобасын әзірлеп жатыр.
None
None
Құжат Әділет министрлігіне алдағы наурызда енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ЮСАИД-тің қолдауымен «Атамекен» одағымен, бизнес қауымдастықтармен бірлесіп 2008 жылдың қараша айында шағын және орта бизнес субьектілерін тексеру туралы заң жобасының тұжырымдамасы әзірледі. Оны Үкіметтің заңдардың жобасы қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мақұлдады. Бұл құжат Үкіметтің 2009 жылғы заң жобалық жұмыстарына енгізілді. Қазір осындай заң жобасын Бас прокуратура әзірлеп жатыр. Құжат наурызда Әділет министрлігіне жіберілуі тиіс», - деді отырыста В. Школьник.
Соңғы жаңалықтар