Бас прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыппұлды еселеп артыруды ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратура экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша айыппұлды еселеп артыруды ұсынады.
None
None

Бұл туралы бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті. Комитет отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылар құқын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

Заң жобасына сәйкес, Бас прокуратура экономикалық, лауазымдық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша бас бостандығынан айыру жазасының ең жоғары мерзімін қысқартуды ұсынады. «Есесіне жаңа балама айыппұлдар енгізіп, айыппұл салудың мөлшерін еселеп қатайтуды ұсынамыз. Айтпақшы, былтыр осындай айыппұлды еселеп арттырудың нәтижесінде бюджетке 3,5 миллиард теңге түсті. Бұл жерде негізінен пара алғаны үшін ғана айыппұл көрсеткіші көтерілген болатын», - деді И. Меркель. Оның айтуынша, қазіргі күні экономикалық қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру мерзімі қасақана кісі өлтіру жазасымен бірдей. Бұл әлемдік тәжірибеге қайшы әрі көптеген елдерде экономикалық қылмыстарға айыппұл санкциялары қарастырылған.

Сөз арасында Бас прокуратура өкілі 2015 жылы заңнаманы ізгілендіру аясында қылмыстық соттар істердің 67 пайызына бас бостандығынан айыруға жатпайтын жаза тағайындаған. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылдары 40 пайыз шамасында еді.

Соңғы жаңалықтар