Бас прокуратура ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Серік Асаиновтың тұтқындалғанын растады

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Серік Асаиновтың тұтқынға алынғандығын растады,

Бас прокуратура ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Серік Асаиновтың тұтқындалғанын растады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, С.Асаиновқа қатысты қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен қаржы полициясының қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, соттың шешімімен тұтқынға алынған. «Аталмыш азаматқа қатысты істің анық-қанығын қаржы полициясының тергеушісінен білу керек шығар. Менің білетінім, бұл іс төтенше жағдайлар қызметінен әуе көліктеріне арналған отынды ұрлаумен және төтенше жағдайлар саласының ұшағын заңсыз пайдаланумен байланысты», деді ресми өкіл.