Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат. Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельдің төрағалық етуімен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Отырыстың жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелері: «Нұр Отан» ХДП өкілдері, Парламент депутаттары, заңгер ғалымдар, қоғамдық ұйым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Кеңес отырысы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң талаптарын орындау және прокуратура органдарына ақпараттық технологиялар енгізу мәселелерін талқылауға арналды.

Отырысқа қатысушылар құқық бұзушылықтардың деңгейін азайтуға ғана емес, сонымен бірге ең алдымен заңға қайшы қол сұғушылықтан адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған құқық бұзушылықтың алдын алудың өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ заңнамалардың талаптарын орындаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарға қолдау көрсетілді, осы бағыттағы іс-қимыл бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша ұсынымдар пысықталды.

Прокуратура органдарына инновациялық технологиялар енгізу мәселелерін талқылау аса қызығушылық тудырды. Қазіргі таңда, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің құқықтық статистика және арнайы есепке алу мен шоғырландыру саласында үдемелі жобалар енгізу жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.

Инновациялық жобалар құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және олар ең алдымен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, қылмыстар және оқиғалар туралы арыздар мен хабарларды электрондық тіркеу жүйесінің арқасында прокуратура және қылмыстық қудалау органдары қазіргі таңда нақты уақыт режимінде әрбір арызды немесе хабарды қадағалау мүмкіндігіне ие болды.

Бас прокуратураның Call-орталығы жаңа және талап етілетін жүйелердің бірі болып танылды, оның негізгі міндеті азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қабылдау және тіркеу болып табылады.

Жоба шеңберінде ұсынылатын қызмет көрсетулер жеткілікті дәрежеде кез-келген уақытта және кез-келген орында азаматтар үшін қол жетімді, халық арасында сұранысқа ие. Құқық қорғау органдарында жаңа ақпараттық технологияларды пилоттық қолдану өзінің жоғары нәтижелілігін және келешегі барын көрсетіп отырғанын ескеріп, жекелеген жобалар сынақтан табысты өткен соң ел бойынша енгізуге дайындық үстінде.

Отырысқа қатысушылар жүргізіліп жатқан жұмыстарды маңызды деп таныды және оны жалғастыру қажеттігі туралы ұсыныстарын айтты.

Соңғы жаңалықтар