Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысында қылмыстық үдеріс тәжірибесіне жаңа үлгілер енгізу мәселелері қаралды

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Бас прокуратураның Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің қылмыстық құқық пен қылмыстық процесті жетілдіру, сондай-ақ діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұрудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған кезекті отырысы болып өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында Бас прокуратура әзірлеген кодекстердің жобалары аясында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жаңғыртудың маңызды бағыттары жан-жақты талқыланды.

Жаңа қылмыстық-құқықтық институттар ашу, сотқа дейінгі іс жүргізуді жеңілдету, қылмыстық процесс тәжірибесіне жаңа үлгілер енгізу мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, қылмыстық теріс қылық сияқты заңға қайшы әрекеттер санатын енгізу, тергеу судьясы институтын енгізу, қылмыстық жаза жүйесін қайта қарау, бас бостандығынан айырудың балама шараларын қолданудың аясын кеңейту, киберқылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдату және басқа мәселелер бойынша қызу пікірталас болып өтті.

Отырысқа қатысушылар атап көрсеткендей, ұсынылып отырған жаңашыл бағыттар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қоғамдық қауіпті қатерлерден қорғаудың сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз етуге, қылмыстық процесті айтарлықтай жеңілдетуге және жылдамдатуға, қылмыстық заңнаманы қалыптасқан халықаралық өлшемге барынша жақындатуға бағытталған.

Сондай-ақ, белгілі қоғам қайраткерлерінен, депутаттық корпустың, ғылыми қоғамдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен тұратын Қоғамдық кеңес мүшелері лаңкестікке қарсы тұрудың мемлекеттік жүйесінің тиімділігін арттыруға, діни экстремизм профилактикасын күшейтуге, қоғам мен мемлекетті лаңкестік қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған сындарлы ұсыныстарын білдірді. Бұл ұсыныстарды мемлекеттік органдардың өкілдері мақұлдап және оған қолдау білдіре отырып, лаңкестікке тосқауыл қоюда мемлекеттік саясаттың қол жеткізетін жетістігі ең алдымен мемлекет пен қоғамның бірлесе және келісе отырып іс-қимыл жасасуына байланысты екендігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар