15:32, 12 Ақпан 2010 | GMT +5
Бас прокуратура жол қозғалысы саласындағы статистикалық мәліметтерді тексереді
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ішкі істер министрлігінің жедел басқару орталығында болған кезінде Бас прокуратураға жол қозғалысы саласындағы статистикалық мәліметтерді тексеру керектігін айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз ұсынылған статистиканы негізге аламыз. Осыған байланысты мен Бас прокуратураға ұсынылатын статистикалық ақпараттарды тексеру керектігін айтқым келеді. Яғни, бұл шаралар барлық қорытындылар мен нәтижелердің айқын болуы үшін қосымша деректер алуға қажет», деді Премьер-Министр.