Бас прокуратурада Алматы мен Солтүстік Қазақстан облысы прокурорларының жұмыс қорытындысы қаралды

ТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен заңдылықтың және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі мәселелері бойынша алқа мәжілісі өтіп, онда Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы прокуратураларының 2009 жыл мен 2011 жылдың алты айы кезеңіндегі заңдылық пен құқық тәртібін қамтамсыз ету жөніндегі жұмыс қорытындылары қаралды.

Бас прокуратурада Алматы мен Солтүстік Қазақстан облысы прокурорларының жұмыс қорытындысы қаралды

Бас прокуратура баспасөз қызметінің атап өтуінше, талқылау барысында аталған өңірлер прокурорларының қызметіне принципті түрде баға берілді. Тиісті қадағалауды қамтамасыз етпеген қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша қадағалау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешені қабылданды. Аталған өңірлердің прокурорларына бизнесті және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өзге де басым бағыттар бойынша, сондай-ақ қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді күшейту тәрізді бірқатар тапсырмалар берілді.