Бас прокуратурада ардагерлерге құрмет көрсетілді

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше  Бас прокуратурада Жеңіс күніне және Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
None
None

Мерекенің басты, құрметті қонақтары прокуратура органдарының Ұлы Отан соғысы майдандарында шайқасқан ардагерлері болды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев салтанатты жиналысты ашып, Жеңістің 67 жылдығымен ардагерлерді шын жүректен құттықтап, олардың ерен ерліктері үшін шексіз алғысын білдірді. «Барлық ұрпақ үшін 9 мамыр - біздің халықтың шыдамдылығы мен қайратын, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін көрсететін ерекше және жарқын мереке. Әкелер мен аталардың ерліктері ұрпақтың есінде мәңгі қалады және олардың ұлдары, немерелері және шөберелерінің бейбіт, ашық аспанда өмір сүруі және де олардың бастарына түскен барлық ауыртпалықтар мен сындарды ерлікпен көтеріп, барлық мүмкін болған жағдайды жасап, Жеңісті жақындатқандары үшін халық мәңгілік ризашылығын білдіреді», деген Бас прокурор ешкім де, ештеңе де фашизмді жеңудегі халықтың ұлы ерлігін және оның бүкіләлемдік тарихи мағынасын ұмытпауы керектігін атап өтті.

А. Дауылбаев соғыс ардагерлеріне ведомстволық наградалар және бағалы сыйлықтар тапсырды. Ақсақалдар жас ұрпаққа Отанның тәуелсіздігі үшін өздерінің өмірлерін аямағандарға лайықты болуды, прокурорлық кәсіптің үздік дәстүрлерін сақтау және көбейту жайында тілектерін айтты. Бұдан бөлек, Отан қорғаушы күніне және егеменді Қазақстанның Қарулы Күштеріне 20 жыл толу мерекесіне орай мінсіз қызметі, заңдылықты нығайту және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Бас Прокурор прокуратура органдарының бірқатар қызметкерлерін, сонымен қатар Ауғанстанда өздерінің интернационалдық борышын өтегендерді «Қазақстан Респуликасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медалімен, мекемелік наградалармен, сондай-ақ кезектен тыс сыныптық шендер тапсырып, марапаттады.

Соңғы жаңалықтар