Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Отырыс жұмысына Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Экономикалық даму және сауда министрлігі, «Нұр Отан» ХДП, «Атамекен» ҰЭП өкілдері, бейнеконференциялық байланыс бойынша - облыстық үйлестіру кеңестерінің мүшелері, облыс әкімдерінің орынбасарлары мен бірқатар бақылау органдарының басшылары қатысты.
Отырысқа қатысушылар атап өткендей, жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау - мемлекеттік саясаттың стратегиялық міндеттерінің бірі. Осы мақсатта бизнесті қолдау бойынша арнайы бағдарламалар іске асырылып, заң бұзушылықты бақылау және жедел жою тетіктерін жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдануда.
Алайда, бизнеске әкімшілік қысым жасау әлі күнге дейін орын алуда. Прокурорлық тексерулердің қорытындыларымен мемлекеттік органдардың кәсіпкерлер құқықтарын бұзуының көптеген фактілерін анықталды.
Заңсыз тексеру тағайындау, кәсіпкерлерге заңсыз салымдар салу, шаруашылық етуші субъектілердің қызметіне заңсыз араласу, олардың жұмысына жасанды қиындықтар тудыру кедергі келтіреді. Осының бәрі бизнес-ортаның дамуына тосқауыл болады.
2010 жылдан басынан 6 995 заң бұзушылық анықталып, 4 844 кәсіпкердің конституциялық құқықтары қорғалды. 1 128 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.
Үйлестіру кеңесі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, барлық мемлекеттік органдарға бизнес ісіне араласу фактілерін түбірімен жою үшін жан-жақты шаралар қабылдау және тексерулерге ведомстволық бақылауды күшейту туралы ұсыныс жасады. Осы мақсатта тексерулерді жүйелендіруге және бизнес жүргізудің заңды жолдарын ынталандыруға бағытталған тәуекелді бағалау жүйесінің критерийлеріне сәйкес тексерулерді міндетті түрде жоспарлау қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ Үйлестіру кеңесі келешекте әкімдердің рейтинг көрсеткіштеріне қоса отырып, өңірлер бөлігінде бизнес жүргізу шарттарын бағалаудың бірыңғай жүйесін әзірлеуді ұсынды. Тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыруды көздейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама жасау ұсынылды.
Бизнеске шынайы қолдау көрсету мақсатында бақылау құзыреті мен кәсіпкерлікті қолдау функциясын қатар қолдануды алып тастап, аумақтық бөлімшелердің құзыреттерінен қайта қарау туралы ұсыныс жасалды.