Бас прокуратурада Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.
Бас Прокурордың бірінші орынбасары И.Д. Меркель іс-шараны аша отырып, Негізгі заңымыздың мемлекет тәуелсіздігінің қалыптасуындағы тарихи маңызын атап өтті.
Әріптестерін мерекемен құттықтай отрып, Иоган Меркель осы жылдың маңызды оқиғасы - Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойы туралы айтып кетті.
Жиында мерейтойды атап өту аясында ұйымдастырылған прокуратура қызметкерлерінің балалары арасында өткен жазғы конкурстың нәтижелері қорытындыланды.
Ерекше өнер көрсеткен балалар мен қызметкерлерге, мәдениет кайраткерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.
Іс-шара танымал қазақстандық әншілер Б.Исаев, М.Арапбаеваның қатысуымен, балалар мен олардың ата-аналары дайындаған «Ата Заңым-айбыным!» атты гала-концертпен аяқталды, деп хабарлайдыБас прокуратураның баспасөз қызметі.