Бас прокуратурада Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті

амырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Бас прокуратурада Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда Бас прокурор Қайрат Мәми Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еліміздің отан қорғаушыларын алда келе жатқан айтулы мерекелерімен құттықтады. «Бүгін біз Ұлы Жеңістің 65 жылдығын атап өткелі отырмыз. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы есепсіз қан төгілген ең қатыгез соғыс болды. Оған 1,5 миллионға жуық қазақстандық қатысты. Бұл соғысқа дейінгі Қазақстан халқының 20 пайызынан астамы болатын. Осы соғыста 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың арасында 4 азамат екі дүркін Кеңес Одағының Батыры атанды. Осы 500 азаматтың 2-уі прокуратура қызметкерлері болатын. Олар Нүркен Әбдіров пен Мұса Баймұханов. Біз Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың және өзге де батырларымыздың есімдерін мәңгі жадымызда ұстайтын боламыз. Олардың ерліктері тарих бетіне мәңгілікке қалдырылды және олар әрдайым қазақстандықтардың жүрегінде сақталады», деді Бас прокурор.

Жиын соңында ардагер азаматтарға гүл шоқтары табыс етіліп, сый-сыяпаттар жасалды. Сондай-ақ ардагерлер соғыс жылдарындағы әндер мен қазақ халқының ән-күйлерінен тұратын мерекелік концертті тамашалды.

Соңғы жаңалықтар