Бас прокуратурадан арнайы сараптамалық орталық ашылады ? Бас прокурор
АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Бас прокуратурадан арнайы сараптамалық орталық ашамыз» деді бүгін Бас прокурор Қайрат Мәми «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесуі барысында,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біз құқық қорғау және заң салаларында сараптамалық, талдау жұмыстарын дұрыс жолға қоя білуіміз қажет. Бұл бірінші кезекте арнайы қызметте, атап айтқанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты органда қолға алынуы тиіс мәселелер. Біз Бас прокуратурадан осындай арнайы сараптамалық орталық ашамыз», деді Бас прокурор. Оның сөзінше, сараптау жұмыстарын жетілдіруде қазір ешқандай шаралар атқарылмай отыр деуге болмайды. «Дегенмен, бұл бағытта қолға алынуы тиіс мәселелердің бар екендігі рас», деді Қ.Мәми.