Бас прокуратураға жеке тұлғалардан ? 532, заңды тұлғалардан ? 117 арыз-шағым түсті

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат- 2008 жылғы желтоқсанның 22-сі мен 27-сі аралығында Бас прокуратураға жеке тұлғалардан – 532, заңды тұлғалардан - 117 арыз-шағым түскен.
None
None
Олардың 177-сі төменгі буындағы прокуратураларға жолданған. Қалғандары Бас прокуратураның құрылымдық бөлімдерінде шешімдер күтіп жатыр, хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Келіп түскен шағымдардың көбісі Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарынан және Алматы мен Астана қалаларынан. Нақтырақ айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 60, Солтүстік Қазақстаннан - 52, Шығыс Қазақстаннан - 43, Ақмола облысынан - 43, Алматы қаласынан - 65, Астана қаласынан 54 арыз-шағым келіп түскен. Оның ішінде азаматтардың өзінен тікелей 298 арыз келсе, ҚР Президентінің Әкімшілігі арқылы - 73, басқа министрліктер мен ведомстволар арқылы - 49, «Нұр Отан» партиясы арқылы 31 арыз-шағым түсіп отыр.
Соңғы жаңалықтар