Бас прокуратураның Нормашығармашылық қызметті үйлестіру департаментінің басшысы тағайындалды

Бас прокуратураның Нормашығармашылық қызметті үйлестіру департаментінің басшысы болып Альбина Маутова тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Бас прокуратураның Нормашығармашылық қызметті үйлестіру департаментінің бастығы тағайындалды
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Альбина Маутова 1976 жылы туған. 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, еңбек жолын жоғарыда аталған университетте оқытушы болып бастаған.

Прокуратура органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Рудный қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің прокуроры, аға прокуроры, Бас прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі қызметтерін атқарды.

2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа басқарма бастығының орынбасары, одан кейін 2020 жылдан бастап Бас прокуратураның Нормашығармашылық қызметті үйлестіру департаменті бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған, прокуратура органдарының құрметті қызметкері.

Соңғы жаңалықтар