Бас прокуратураның департамент басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқапарат /Арман Асқаров/ - Бас прокуратураның Шұғыл іздестіру шараларын бақылау департаментінің бастығы Мұрат Мұсабековке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«М.Мұсабековке қатысты арнайы тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның қызметтік құпияны жария еткендігі анықталды. Қазіргі кезде ол департамент басшысы қызметінен босатылды. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 172-ші және 308-ші баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Н. Сүйіндіков.