Бас прокуратураның ұсынысы бойынша ІІМ қылмыстық-атқару заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Бас прокуратура Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мекемелеріндегі 2010 жыл және 2011 жылдың 6 айындағы режимді сақтаудың және тыйым салынған заттарды жеткізу арналарына тосқауыл қою бойынша қабылдап отырған шаралары тиімділігінің жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бас прокуратураның ұсынысы бойынша ІІМ қылмыстық-атқару заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады

Талдау барысында қылмыстық атқару жүйесінің бөлімшелері қызметінде бірқатар кемшіліктер анықталды.

Осыған байланысты Бас прокурор Ішкі істер министрінің атына анықталған заң бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды талап етіп, ұсыныс енгізді.

Ішкі істер министрлігі Бас прокурордың ұсынысын қарау нәтижесінде бұзушылықтарды және соларға себепші болған шарттарды жою, оларға алдағы уақытта жол бермеуге арналған ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылдады.

Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген қылмыстық атқару жүйесінің 58 басшысы мен олардың қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданылды.