Бас прокурор А.Дауылбаев кәсіпкерлік субъектілеріне жасалатын тексерістердің заңдылығын бақылауды тапсырды

«Әріптестерге, жергілікті жерлердегі прокурорларға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық бөліністерімен жан-жақты қарым-қатынас орнатып, Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бүгінгі шарасы негізінде өзара ықпалдастық және әріптестік жөнінде меморандумдарға қол қоюға, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысында тығыз байланыс орнатуды тапсырамын. Облыс прокурорларына кәсіпкерлік субъектілеріне жасалатын тексерістердің заңдылығын тексеруді және Мемлекет Басшысы бізден талап еткеніндей, олардың санын қысқарту бойынша шараларды қабылдауды жүктеймін», - деді ол.
Оның айтуынша, заңдылық тек мемлекеттік органдар тарапынан ғана емес, кәсіпкерлердің де тарапынан қатаң ұстануы қажет. Осы тұрғыда Бас прокурор ҰКП-ның әріптестігіне жүгінеді.
«Біз бүгін мемлекеттік органдардың басты мақсаты - бизнесті заңсыз қол сұғудан қорғау екендігін нақты түсінуіміз керек. Құқыққа қайшы әрекеттерді соттық тәртіпте алдын алуымыз қажет. Өз кезегінде кәсіпкерлер қатарларында заң бұзатын қара ниетті кәсіпкерлердің санын азайтуға барынша атсалысулары шарт», - деп атап өтті А.Дауылбаев.