Бас Прокурор ағымдағы жылы енгізілген жаңа бірыңғай корпоротивтік жүйе - IP телефонияны қолдану арқылы селекторлық жиналыс өткізді

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас Прокуроры Қайрат Мәмидің төрағалығымен ағымдағы жылы енгізілген жаңа  бірыңғай корпоротивтік  жүйе - IP телефонияны қолдану арқылы селекторлық жиналыс болып өтті.
None
None

Мұндай технологияны қолдану қалааралық байланыстарға бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге, абонеттік телефон нөмірлерін және іссапар санын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ақпаратты аталған мемлектеттік органның баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиналыс барысында Бас Прокурор заңдылық пен құқықтық тәртіп саласындағы Мемлекет басшысының қойған тапсырмаларын, Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін, сондай-ақ, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндірісті ықшамдауға, жедел-іздестіру қызметін жетілдіруге және сот жүйесін жетілдіруге байланысты сот актілерінің заңдылығын тиісті прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруға бағытталған жаңартылған заңнаманы қолдану бойынша жұмыстарды келесі жылы жалғастыру қажеттілігіне облыс және оған теңестірілген прокурорлардың назарын аударған. Аталған мәселелер 2010 жылы  желтоқсанның 22-сіне белгіленген прокуратура органдарының қорытынды жиналысында талқыланатын болады.
Сонымен қатар Бас Прокурор прокуратура қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алдағы жылы оларға отбасылық амандық және көздеген жоспарларын жүзеге асыруда жетістіктер тілеген.

Соңғы жаңалықтар