Бас Прокурор Асхат Дауылбаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Қабылдауда болған азаматтардың өтініштері негізінен қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот актілерінің заңдылығы бойынша шағыммен байланысты болды.
None
None
«Арызданушылардың уәждерін мұқият тыңдаған соң А.Дауылбаев Бас прокуратураның сәйкес құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына оларды толық және жан жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заңдылықтың бұзылуы анықталған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды, кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тартуды талап еткен нақты тапсырмалар берді»,-делінген Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінде. Арызданушылармен бейнеконференциялық байланысты қолдану арқылы сөйлесу бүгінгі қабылдаудың ерекшелігі болды. Осының нәтижесінде Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары Астанаға келмей-ақ Бас Прокурорға өз арыздарын айта алды. Биылғы жылдың басынан бері Бас прокуратура басшылығы қабылдаудың осындай түрімен 52 рет азаматтарды қабылдау өткізді. Осы мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардан 276 өтініш келіп түсті. Соның ішінде Бас Прокурордың жеке қабылдауынан - 100 өтініш түсті, олардың ішінде негізгі бөлігі сот актілерінің заңдылығына, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының әрекеттері мен актілеріне қатысты болды. Прокуратура органдары басшылығының жеке қабылдауынан түсетін өтініштер санының артуы прокуратура органдары құқық қорғаушылық функциясының өзектілігін, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік белсенділігін көрсетеді. Бас прокуратураның интернет-сайтында Жеке қабылдау ережесі, сондай-ақ Бас прокуратура басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі орнатылған, арызданушыларға жеке қабылдауды ұйымдастырумен байланысты кеңестер мен мәліметтерді жедел ұсыну үшін байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілген.
Соңғы жаңалықтар