Бас прокурор балалардың жол апатынан қорғалмағанына алаңдаушылық білдірді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов балалардың жол қозғалысындағы қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді. Ол бұл мәселені X (Twitter) парақшасында қозғады.
«Облыс прокурорларымен бірге жол қозғалысы саласындағы балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық. Соңғы уақытта елімізде жол апаты салдарынан көптеген балалар қаза болып, жарақат алды» деп жазады Берік Асылов.
Оның айтуынша, бұл — ересектердің, ата-аналардың және басқа да жауапты тұлғалардың жол қозғалысы ережелеріне деген қажетті көзқарасының жоқтығының нәтижесі.
«Қарамағымдағы қызметтерге бейінді министрліктермен бірлесіп ЖКО-ның алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін кеңейтуді тапсырдым» дейді Бас прокурор.