Бас прокурор Қ. Мәми прокуратура органдарының ардагері Нұрғали Смағұловпен жүздесті

АСТАНА. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми прокуратура органдарының ардагері Нұрғали Смағұловпен кездесті,

Бас прокурор Қ. Мәми прокуратура органдарының ардагері Нұрғали Смағұловпен жүздесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.

 Кездесу барысында Бас прокурор бір ғасырға жуық ғұмыр кешкен соғыс және еңбек ардагері Нұрғали Смағұловқа «Прокуратураның құрметті қызметкері» төс белгісі мен арнайы сыйлығын табыс етті. Қ.Мәми ұзақ жылдар бойы білікті заңгер ретінде мемлекетіміздің құқық қорғау саласының дамуына атсалысқан, кезінде Кеңес Одағы заңгерлеріне кеңінен танылған, бүгінде елімізге есімі белгілі жүздеген заңгерлерді тәрбилеген Нұрғали Балдықбайұлының өз кәсібіне адалдығы мен өмір жолы жас өркенге патриоттық тәрбие беруде  үлгі болуға лайық екенін атап өтті.

 Жасы 99-дан асып, жүзге аяқ басқан Н.Смағұловтың мерейтойын лайықты атап өту үшін Бас прокуратура арнайы жұмыс тобын құрды.

Нұрғали Балдықбайұлы әр жылдарда Семей, Көкшетау, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының прокуроры және Республика Бас прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған.