Бас прокурор қабылдау өткізді
АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәми бүгін жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.
Келушілер құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу фактілері бойынша өз шағым-арыздарын Бас прокурордың құлағына жеткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Бас прокурордың қабылдауында жиырмадан астам азамат болды. Келушілердің шағымдары негізінен қылмыстық іс қозғаудан заңсыз бас тарту, туған-туыстарының негізсіз айыпталуы, сот шешімдерінің орындалуын кейінге ысыру, меншік құқықтарына қысым келтіру сияқты фактілерге қатысты болды.
Қабылдаудың нәтижелері бойынша Бас прокурор азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған нақты нұсқаулар берді.