Бас прокурор Қайрат Мәми республика азаматтарын қабылдады

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиенбай/ - Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәми республика азаматтарын қабылдады деп,
None
None

хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокурордың қабылдауында түрлі проблемаларымен 20-дан астам адам болды. Олар қозғаған мәселелердің басым көпшілігі сот актілерімен келіспеу, сот шешімдерінің талапқа сай орындалмауы, жекеменшік құқығын бұзу сияқты жәйттерге қатысты болды. Осыған орай Бас прокурор ведомство өкілдеріне қабылдауда болған әрбір азаматтың арыз-шағымын жан-жақты зерттеп, азаматтардың құқықтарының бұзылғандығы анықталған жағдайда олар бойынша тиісті шаралар қолданып, айыптыларды заңда көорсетілген талаптар негізінде жауапқа тарту жөнінде арнайы тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар