Бас прокурор Қайрат Мәмидің төрағалығымен құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті

амырдың 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Бас прокурор Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда контрабандамен күрес мәселелері талқыланды. Мәжіліс барысында айтылғандардан мәлім болғанындай, қазір Қазақстанның Ресей және Беларус елдерімен Кедендік одаққа кіруі аясында экономикалық қауіпсіздікті онан әрі күшейту және елімізге тауарларды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мәселелерінің өзектілігі арта түсуде. Осыған орай, құзырлы органдар мен ведомстволар мемлекеттік шекараларды бекіту және кедендік бақылауды күшейту жұмыстарын белсенді жүргізе бастады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері уәкілетті және құқық қорғау органдарының осы мәселе бойынша өзара іс-қимыл деңгейіне тұтастай алғанда оң баға берді. Сонымен қатар, контрабандамен күрестің тиімділігін одан әрі арттыру, шекараны инженерлік нығайту және өткізу бекеттерін техникалық жабдықтау бойынша жұмыстардың белсенділігін күшейтіп, жүк тасымалын жүзеге асыратын ұйымдармен үйлесімді іс-қимыл орнатудың маңыздылығы атап көрсетілді.

Мәжіліс барысында Бас прокурор Қырғызстанмен шекарадағы инженерлік бекіту қондырғыларының құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау қажеттілігіне назар аударып, жүктерді кедендік рәсімдеу барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін атап көрсетті.

Мәжіліс соңында кеден саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шараларын одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.

Соңғы жаңалықтар