Бас прокурор қазақстандықтар үшін 100 кеңес дайындауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тартуға бағытталған бірқатар ынталандырушы шаралар ұсынды.

Бас прокурор қазақстандықтар үшін 100 кеңес дайындауда

«Әрбір азамат үшін жеке басының және отбасының, жеке мүлкінің қауіпсіздігі алаңдатады. Бірақ өз ауласында, көршілерде не болып жатқандығына бас қатырғысы келмейді. Бұл - біздің кінәміз. Тәртіп полицияның ғана мойнында болмауы керектігін ұғындыра алмағанымыз», - деді Ж. Асанов ведомствоның жартыжылдық қорытындысын шығаруға арналған алқа мәжілісінде.

Бұл жерде әркімнің сигналы қажет, тәртіпсіздікке әрбір азаматтың көңіл аударуы және оған немқұрайлық танытпауы маңызды, деп санайды Бас прокурор.

«Біз прокурордың 100 кеңесін дайындаудамыз. Біз ол жерде нақты өмірде болатын оқиғалар бойынша кеңес береміз. Мысалы, алаяқтың құрбаны болмауы үшін не істеу керек, тексеріспен келсе қандай қадамдар жасау қажет, мемлекеттік органдардағы арыздың нәтижесін қалай қадағалап отыру керек деген сауалдарға жауап жазылады», - деді ол.

Ж. Асанов осы кеңестерді Бас прокуроратура жанындағы Құқыққорғау органдары академиясына жасақтауды және оны интернетке жариялауды тапсырды.