Бас прокурор қол астындағы қызметкерлеріне кітап оқуға кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов қазақстандық прокурорлар үшін танымдық кітаптардың тізімін жасуды тапсырды.

Бас прокурор қол астындағы қызметкерлеріне кітап оқуға кеңес берді

«Барлығына өзгеру қажет. Әрбір прокурор, әсіресе мансапта өскісі келетін прокурорлар өз тиімділіктерін арттырулары шарт. Заманауи менеджменттік теxнологияларды білуі тиіс. Кітап оқыңдар. Ұйқы алдында және таңертең кітап оқыңыздар. Мен «Жоғары тиімді адамның 7 машығы», «Ораторға 101 кеңес» атты кітаптарды оқуға кеңес беремін», - деп атап өтті ол Бас прокуратураның жартыжылдықтың қорытындысын шығаруға арналған алқа мәжілісінде.

Бас прокурор Құқыққорғау органдары академиясына оқуға арналған танымдық әдебиеттердің тізімін жасақтауды тапсырды және оны ресми сайтқа жариялауды жүктеді.

«Сіздер бұдан кейін өзгересіздер. Көптеген іске басқаша қарайтын боласыздар. Осылай ғана біз өз құзыреттілігімізді жылдам арттыра аламыз. Бір тілде сөйлесуімізге ықпал етеді. Облыс прокурорлары, менің тілімді түсінбесеңіздер, ары қарай тіл табысуымыз қиын болады», - деді ол.