Бас прокурор Конституцияның 15 жылдығына арнап, прокурорлар арасындағы жарысқа жүлде тікті

АСТАНА. Шілденің 26-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 15 жыл толуына орай прокуратура қызметкерлері арасында шағын футболдан Бас прокурордың кубогі үшін арнайы жарыс өтеді.

Бас прокурор Конституцияның 15 жылдығына арнап, прокурорлар арасындағы жарысқа жүлде тікті

Бас прокуратура таратқан мәліметтерге қарағанда, жарыстың алғашқы кезеңі шілденің 29-ы мен 31-і аралығында «Астана-Арена» стадионында өтеді. Чемпионаттың финалдық бәсекелері тамыздың 25-і мен 27-і арылығында болады деп жоспарлануда.