Бас прокурор Мәжіліс депутаттарымен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Бас прокурор Қайрат Мәми Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің депутаттарымен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесу барысында тараптар Мәжіліс пен Бас прокуратура арасындағы байланыс мәселесін сөз етті. Сонымен қатар олар Парламент қабырғасында талқыланып жатқан бірқатар заңнамалық актілерге қатысты туындап отырған сұрақтар бойынша да өзара пікір алмасты. Бұған қоса Қ.Мәми депутаттарды Елбасының «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдірудің қосымша шаралары туралы» Жарлығының аясында Бас прокуратура жоспарлап отырған жұмыстармен таныстырды. Қ.Мәмидің айтуынша, Бас прокуратураның елдегі әлеуметтік, экономикалық сала бойынша заңның қадағалануын қамтамасыз етудегі рөлі өте зор. Ал Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, қоғамның әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын қорғау шарасының белсенділігі бүгінгіден де арта түспек. «Заңның орындалуын басты бақылаушы орган ретінде, біз үшін сыбайлас жемқорлық та басты мәселенің бірі болып қала бермек. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында менің жетекшілігімдегі Құқық қорғау органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің шешімімен жемқорлыққа қарсы арнайы штаб құрылды. Оның құрамына еліміздің құқық қорғау органдары басшыларының жемқорлық мәселесімен айналысатын орынбасарлары енгізілді. Штабтың жұмысы жемқорлықтың аса күрделі түрлерін анықтап, оны жоюға мүмкіндік береді деген ойдамын», - деді Қ.Мәми. Оның пікірінше, қылмыспен күрес және құқықтық қамтамасыз ету саласында прокуратураның басты күші Мемлекет басшысының азаматтар құқықтарының мінсіз сақталуы мен кінәлі азаматтардың міндетті түрде жауапқа тартылуын қамтамасыз ету аясындағы тапсырмаларын орындауға жұмылдырылмақ. «Біздің тарапымыздан сонымен қатар құқық қорғау қызметтерінің жұмысын үйлестіру бағытында прокуратура органдарының рөлін нығайтуға бағытталған жүйелі шаралар атқарылуда», - деді Бас прокурор.
Соңғы жаңалықтар
Референдум