Бас прокурор Отан қорғаушы және Жеңіс күні мерекелеріне орай қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттады

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Мерекенің басты, құрметті қонақтары Ұлы Отан соғысы майдандарында шайқасқан прокуратура органдарының ардагерлері болды.
Бас прокурор Асхат Дауылбаев ардагерлерді Жеңістің 67-жылдығымен құттықтап, оларға ерен ерліктері үшін шексіз алғысын білдірді.
Барлық ұрпақ үшін 9 Мамыр - біздің халықтың шыдамдылығы мен қайратын, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін көрсететін ерекше және жарқын мереке. Әкелер мен аталардың ерліктері ұрпақтың есінде мәңгі қалады және олардың ұлдары, немерелері мен шөберелерінің бейбіт, ашық аспанда өмір сүруі, де олардың бастарына түскен барлық ауыртпалықтар мен сындарды ерлікпен көтеріп, барлық мүмкін болған жағдайды жасап, Жеңісті жақындатқандары үшін халық мәңгілік ризашылығын білдіреді.
Еліміз халқы Жеңіс үшін өзгелермен бірге ерлікпен және жанқиярлықпен күресті. Әрбір екінші солдат соғыс алаңынан оралмады. Бес жүз қазақстандық Кеңес Одағының батыры, төртеуі Батыр атағына екі мәрте ие болып, жүздеген мыңы ерен ерліктері үшін ордендер және медальдармен марапатталды.
А.Дауылбаев соғыс ардагерлеріне вомстволық наградалар мен бағалы сыйлықтарды тапсырды. Ақсақалдар жас ұрпаққа Отанның тәуелсіздігі үшін өздерінің өмірлерін аямағандарға лайықты болуды, прокурорлық кәсіптің үздік дәстүрлерін сақтау және көбейту жайында тілектерін айтты.
Отан қорғаушылардың күніне және егеменді Қазақстанның Қарулы күштеріне 20 жыл толу мерекесіне орай мінсіз қызметі, заңдылықты нығайту және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Бас прокурор прокуратура органдарының бірқатар қызметкерін, сонымен қатар Ауғанстанда өздерінің интернационалдық борышын өтегендерді «Қазақстан Респуликасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медальдармен, ведомстволық наградалармен марапаттап, кезектен тыс сыныптық шендерді тапсырды.