Бас прокурор Үкіметке бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салу бойынша үкіметаралық келіссөздердің белсенділігін арттыруды ұсынды

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бас Прокурор Үкіметке теңіздің барлық акваториясында бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салу, белгіленген шекте балық кәсібіне бақылау жасауды жүргізу үшін теңіздегі әрбір мемлекеттің жауапкершілік зоналарын анықтау бойынша үкіметаралық келіссөздердің белсенділігін арттыруды ұсынды.
None
None

Бұл жайында ол бүгін Жайық-Каспий бассейніндегі балықтың бағалы тұқымдарын қорғау және өсіру мәселелері бойынша Бас прокуратураның алқа мәжілісінде мәлімдеді.

Жиналыста Бас Прокурор құқық қорғау және уәкілетті органдардың алдына браконьерлік кәсіпке және бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымына тосқауыл қою жөніндегі кезек күттірмес ұйымдастырушылық-құқықтық шараларды қабылдау, ведомстволық бақылауды және прокурорлық қадағалауды күшейту міндетін қойды. «Ұсынылып отырған іс-қимыл бағдарламасы балық аулауға салынған тыйымды мүлтіксіз орындау, лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, бекіре және қара уылдырықтың көлеңкелі айналымын азайтуға мүмкіндік беретін олардың айналымына мемлекеттік бақылаудың неғұрлым тиімді әдістерін қабылдау, балық қорғау қызметтерін кадрлық жетілдіру және техникалық қамтамасыз етуді қарастырады», - деп атап өтті Бас прокурор.

Сонымен қатар, балық саласында заңсыз қызметпен айналысушы ұйымдасқан қылмыстық топтарды, оларды қаржыландыру көздерін және қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын заңдастыру көздерін анықтау және жоюға бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындау және жүзеге асыру маңызды міндет ретінде белгіленді.

Бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әуежайларға, темір жол және авто вокзалдарға, тас жолдарға және балық өнімдері сатылатын нүктелерге ерекше назар аудару ұсынылды.

Сондай-ақ, өңірлік прокурорларға заңсыз балық кәсібімен айналысып жүрген қылмыстық топтарға қарсы іс-қимыл жасау және оларды тарату мәселелерінде құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру жұмыстарын күшейтуді, осы саладағы анықталған әрбір заңдылықтың бұзылуына принциптік баға беру, барлық кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға қол жеткізу жұмыстары тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар