Бас прокурор жасөспірімдер арасындағы қылмысты алдын алудың тиімді жолын атады

АСТАНА. KAZINFORM – Бас прокурор Берік Асылов жасөспірімдер арасындағы қылмысты алдын алудың маңыздылығы туралы жазды. 

Берік Асылов
Фото: Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы

— Заңды құрметтейтін ұрпақты қалай тәрбиелеуге болады? Оған жауап — профилактикада, білім беруде және тәлімгерлікте. Өкінішке қарай, кейбір жасөспірімдер төбелес пен одан да ауыр қылмыстарға барып жүр. Көпшілігі заңды бұзып жатқанын, бұл үшін жауапкершілікке тартылатынын білмеген.

Нағыз қауіп — құқықтық сауатсыздық. Сондықтан біз уәкілетті органға 7-сыныптан бастап мектептерде «Заң және Тәртіп» атты міндетті пән енгізу туралы маңызды ұсыныс жасадық. Бұл пәнді қызметтегі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізеді. Өйткені олар тек білімді ғана емес, өмірлік тәжірибесін де бөлісе алады, - деп жазды ол «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Өз кезегінде Берік Асылов жасөспірімдер заңды білсе тәртіпсіздікке бармайтынын атап өткен. 

— Жасөспірім заңның мәнін түсінгенде тәртіпсіздікке бармауға тырысады. Олар алған білімін тек сыныптастарымен ғана емес, отбасымен, көршілерімен де бөліссе дейміз. Мұндай сабақтардың саналы, жауапты, заң мен тәртіпке құрметпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетініне сенімдіміз.

Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адал азамат тұжырымдамасының идеалдарына сай патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді, жасампаз ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Демек, отбасындағы тәрбие мен заңды білу, құрметтеу арқылы ғана біз әділетті қоғам құра аламыз, - делінген жазбада. 

Бұған дейін бас прокурор 

Соңғы жаңалықтар