Бас прокурордың бұйрығымен әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкі құрылды

АСТАНА. 20 ақпа. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың бұйрығымен әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкі құрылды.
None
None

* * *

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының бұйрығы

12 қараша 2012 жыл, № 134, Астана қаласы

Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар

туралы орталықтандырылған деректер банкін құру және оның жүргізілуі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статитстикалық жүйені жетілдіру және дамыту, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін қолдану кезінде мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа алып, бұйырамын:

1. Бекітілсін:

1) Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкі;

2) Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкінің жүргізілуі жөніндегі Нұсқаулық.

2. Күші жойылды деп танылсын:

1) «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін құру және оның жүргізілуі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 53 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5854 санымен тіркелген);

2) «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 17 наурыздағы № 17 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6181 санымен тіркелген);

3) «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 368-372 санды басылымында жарияланған «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 51 бұйрығы

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7056 санымен тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;

2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне мәлімет және қызметте пайдалану үшін, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жариаланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев

Соңғы жаңалықтар