Бас Прокурордың наразылығы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сатысы қаулысының күші жойылды

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданарлық сотының 2011 жылғы 9 қарашадағы  үкімімен бұрын сотталған Б.Рахымбаев мүліктерін тәркілей отырып, 11 жылға бас бостаныдығынан айыруға, қатаң режимдегі түзету колониясында жазасын өтеуге соттталды.

Бас Прокурордың наразылығы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сатысы қаулысының күші жойылды

Сотталушының әрекетінде қылмыстың қайталануы бар деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сатысының қаулысымен сот үкімі өзгертілген, Рахымбаевтың әрекеті қайта квалификацияланып, оған жалпы режимдегі түзету колониясында 4 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалған. Үкімге енгізілген өзгерістерді ескере отырып, сот сотталушыны есірткі заттарын сату мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз алу, сақтау және билік өкілдері - полиция қызметкерлерін олардың қызметтік міндеттерін орындау барысында көпшілік алдында балағаттауға кінәлі деп таныған.

Шығыс Қазақстан облысының прокуроры қаулыға енгізген наразылығында айыптының әрекеті қате қайта квалификацияланғанын, ал тағайындалған жаза қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейтіндігін айтады. Сотталушының аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сату пиғылының дәлелденбегені туралы апелляциялық сот сатысының қорытындысы оралған есірткі заттарын табу және алу олардың нақты сату үшін дайындалғанына дәлел бола алмайды және сотталған адамды сатып алу немесе сату барысында ұстау керек еді деп негізделеді.      

Сотталушының аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сақтауы туралы деректі назарға ала отырып, бірінші сатыдағы сот алынған героиннің салмағы тек қана жеке бастың пайдаланылуына ғана сақталғанын жоққа шығарады, дозаға бөлу және орау, сотталушының өзінің нашақорлықпен ауырмайтыны, олардың сатуға дайындалғандығың білдіреді деп үкімде дұрыс көрсеткен. Осыған орай есірткі заттарын заңсыз алу және сақтау туралы негізді түрде қорытынды жасаған.

Бас Прокурордың наразылығымен келіскен Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасы 2012 жылдың 19 маусымында  Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сатысының Рахымбаевқа қатысты қаулысының күшін жойды және қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.