Бас прокурордың наразылығы бойынша сот үкімі бұзылды

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Бас прокурордың наразылығы бойынша Жоғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша қадағалау алқасының қаулысымен қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылған А.Кәрібаевқа қатысты төменгі сатыдағы соттардың заңсыз сот актілері бұзылды,

Бас прокурордың наразылығы бойынша сот үкімі бұзылды

деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

 2011 жылғы 24 қаңтардағы Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен А.Кәрібаев Қылмыстық кодекстің 307-б. 2-т., 314-б. 2-т., 58-б. бойынша 2 жылға, ҚК 63-б. қолдана отырып 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, бұл үкім Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған.

Өскемен қаласы өртке қарсы қызмет басқармасының инженері бола жүріп, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, тексеру жүргізбестен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жалған хаттамалар толтырған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша алдамшы жетістіктерді көрсету үшін ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін Кәрібаевты сот айыпты деп таныған.

Сот қаулыларымен келіспегендіктен, сотталушы Бас прокуратураға өтініш түсірген, оның қаралу нәтижелері бойынша үкімде келтірілген сот қорытындыларының істің шынайы жағдайымен сәйкес келмегені және жазықсыз адамды соттауға әкеліп соқтырған заңның қате қолданылғаны үшін Жоғарғы Сотқа қадағалау тәртібімен наразылық енгізілді.

Жоғарғы Сот Бас прокурор наразылығының дәлелдерімен толықтай келісті. Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер бойынша қадағалау алқасының 28.02.2012 ж. қаулысымен А.Кәрібаевқа қатысты сот үкімі және апелляциялық сот алқасының қаулысы бұзылды, оның әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша өндіріс қысқартылды.

 

Балқаш жері қайтарылды
Ұқсас жаңалықтар

Балқаш көлі жағалауында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды